Қамқоршылық кеңес » «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 23 С ДОШКОЛЬНЫМ МИНИ-ЦЕНТРОМ»
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№23 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2022

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 501 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4995 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен


      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 № 355 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 
№ 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда -ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

      2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері осы бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық (қалалық) бөлімдеріне жеткізсін.

      4. "Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 923 бұйрығының(N 3254 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




 
 


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2007 жылғы 22 қазандағы
 N 501 бұйрығымен бекітілген

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда -ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
 
 

      2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.

      3. Қамқоршылық кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы қағиданы, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда -ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

      4. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.

      5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2. Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі

      6. Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін.

      7. Қамқоршылық кеңестің құрамына:

      1) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;

      3) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;

      4) демеушілер кіруі мүмкін.


Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

      8. Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      9. Қамқоршылық кеңестің отырысында сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіксіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.

      10. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.

      11. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

      12. Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілікке қарай Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімімен немесе Қамқоршылық кеңестің төрттен бір мүшелерінің талаптары бойынша өткізіледі.

      13. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-сі отырысқа қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс берумен оның қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады.

      14. Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаттары:

      1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;

      2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;

      3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;

      4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету;

      5) білім беру ұйымы жұмысының, оның ішінде қаржы қаражаттарын бөлу жұмыстары үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

      15. Қамқоршылық кеңес жұмысының негізгі бағыттары:

      1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;

      2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;

      3) халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;

      4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады;

      5) білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің алдында есебін тыңдау болып табылады.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

3. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

      1) құрылтайшының бастамасы бойынша;

      2) Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша;

      3) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 



















 Қамқоршылық кеңес

қызметінің  және  оны  сайлау

тәртібінің  үлгілік

Е Р Е Ж Е Л Е Р І
























                                                      1.Жалпы ережелер.

1.1.          Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің ережелері «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген.

1.2.         Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымының алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.

1.3.         Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережелерді, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

1.4.         Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата – аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.

1.5.         Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2.Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі.


2.1.    Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпыжиналыста құрылуы мүмкін.

2.2.    Қамқоршылық кеңестің құрамына:

1) Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы;

2) Басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;

3)Жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестіктер;

4)Қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;

5)Демеушілер кіруі мүмкін;

2.3. Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет     болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

2.4. Қамқоршылық кеңестің отырысында сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіксіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.

2.5.  Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.

2.6.  Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

2.7.   Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілікке қарай Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімімен немесе Қамқоршылық кеңестің төрттен бір мүшелерінің талаптары бойынша өткізіледі.

2.8.    Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің кемінде 2\3-сі отырысқа қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс берумен оның қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілігінің дауысымен қабылданады.



3.Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары:


3.1.         Білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;

3.2.         Білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары менпедогогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;

3.3.         Білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;

3.4.         Білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету болып табылады;



4.Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:


4.1   Білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-   шараларын өткізуге көмек көрсету;

4.2    Тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;

4.3    Халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;

4.4.   Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады;

4.5.  Мектептің оқу-тәрбие жұмысын дамытудың көкейтесті міндеттерін шешу;

4.6.  Мектептегі міндеттерді қазіргі талапқа сай шеше алатын, жан-жақты білімді, тәрбиелейтін орталық ретінде қалыптастыру;

4.7.    Жаңа ақпараттық  және педагогикалық технологияны енгізу, оқу-тәрбие                                                                

жұмысында тиімді пайдалана білу;


5.Негізгі міндеттері:


5.1.         Мектептің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету;

5.2.         Білім үрдісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға, оқу-материалдық және техникалық базасын жақсартуға қатысу;

5.3.         Мектептің қаржы, материалдық және қолдаудың басқа түрлерін жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіру, қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша реурстарды тарту;

5.4.         Білім үрдісіне қатысушылар құқығының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;






6.Қамқоршылық кеңесінің функциялары:


6.1.          Мектеп миссиясын анықтауға, даму стратегиясын бекітуге қатысады, дүркін-дүркін қызметін бағалауды жүргізеді;

6.2.         Қамқоршылық кеңесі қоры қаражатын жұмсау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді;

6.3.         Білім беру және еңбек тәртібі заңдарына сәйкес, «Білім» заңына, бала құқығын қорғау заңына және еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес болашақ бағыттарын ұйымдастыруға және айқындауға ықпал жасайды;

6.4.         Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жаңа технологияны меңгеруіне, оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі;

6.5.         Жетім, қамқорлықсыз қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетеді;

6.6.         Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, кәсіподақ ұйымымен бірлесе етеді;










Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив