Адал ұрпақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру туралы іс-шара жоспары 2021-2022 оқу жылы » «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 23 С ДОШКОЛЬНЫМ МИНИ-ЦЕНТРОМ»
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№23 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Адал ұрпақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру туралы іс-шара жоспары 2021-2022 оқу жылы
25
апрель
2022

Адал ұрпақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру туралы іс-шара жоспары 2021-2022 оқу жылы

Талғар    ауданы     әкімдігінің  «Талғар  ауданының білім   бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің   «Мектеп  жасына  дейінгі   шағын  орталығы  бар   №23  жалпы  білім   беретін  орта  мектебі»

мемлекеттік  коммуналдық   мекемесі


 «Адал Ұрпақ» ерікті клубының атқарылатын  жұмыс жоспары 


Іс-шараның атауы


                Ұсынымдар

Мақсатты топ

Мерзімі

Жауапты


1

2


3


4

5

6



Ұйымдастыру дайындық іс-шаралары

1

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысын ұйымдастыру


5-11 сынып

Қыркүйек 

ДТІЖО

Қ.Адижанов



2

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарын жасап бекіту.

Жоспарларда іс-шара атауы, орындалуына жауапты тұлғалар мен қатысушылар, орындалу мерзімі болуы тиіс

1-11 сынып

Қыркүйек  

ДТІЖО


3

Үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты  азамат» бұрышын жасау

Бұрыштардың міндеті азаматтылыққа,сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, оқуға, өмірге жасампаздыққа қарауға тәрбиелеу.

1-11 сынып

Қазан 

ДТІЖО

Сынып жетекшілер


4

Сынып сағаттарының жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін қосу.

Ар- ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу.

1-4 сынып

Қараша 

ДТІЖО

Сынып жетекшілер


Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет,. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  тәрбиелеудің негізгі міндеті құқықтық сананы қалыптастыру.

5-7сынып


Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру болып табылады.

8-11сынып


5

Ата-аналар жиналысы

Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа  төзбеу мәдениетін қалыптастыруға отбасының ролін көрсету.

1-4 сынып

Желтоқсан 

ДТІЖО

Сынып жетекшілер


                                                                          Күнтізбелік іс-шаралар кешенін іске асыру

6

«Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы

қатысушылар екі топқа бөлінеді.

1 тапсырма. «құқықбұзушылықтарға мүлдем  төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашу. Неге «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік » мәдениетін құру мұнша маңызды болып табылады?

2 тапсырма. «Сыбайлас жемқорлық қоғамның жәнее мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге сенімін кетіру»  пікірін негіздеу.

Әр адам не істей алады?

сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?



9-11 сынып

қаңтар

ДТІЖО

Сынып жетекшілер


7

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы

Байқаудың негізгі идеясы Мәңгілік Ел идеологиясының «түпқазығы» жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау өзекті.

1-4 сынып

Ақпан 

БеделбековаА.А.


8

«Қазақстан құқықтық мемлекет»айлығы

Еліміздің сайлау қағидаларына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік ролдік ойыны.

1-11 сынып

Ақпан


ДТІЖО

Тарих және құқық пәні мұғалімдері

Сынып жетекшілер


«Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» мемлекеттік қызмет ардагерлері,мемлекеттік қызметкерлермен кездесу.


«Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» дөңгелек үстел.


9

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны

Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттің «сервистік алаң» екенін көрсету.

Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп бірі мемлекеттік қызметтердің «дұрыс» екіншісі «дұрыс емес» көрсетілуін түсіндіреді.

5-8 сынып

Наурыз 


ДТІЖО

Тарих және құқық пәні мұғалімдері

Сынып жетекшілер


10

«Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқауы

Бір ай ішінде оқушылар өткен жылғы аймақтық баспасөз мониторингін өткізу керек.Мониторинг нәтижелері бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасын жасау

9-11 сынып

Сәуір


ДТІЖО

Тарих және құқық пәні мұғалімдері

Сынып жетекшілер


11

Театрлық қойылым

Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсетуді ұйымдастыру.

1-4 сынып

Сәуір


Сынып жетекшілер


12

«Мемлекеттік қызмет- елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы

Оқушылар арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандаруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату.

5-8 сынып

Мамыр


Қазақ тілі пәні мұғалімдері.

Сынып жетекшілер


13

«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы

Байқаудың басты мақсаты –ашық және қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешудегі қазақстанның жетістіктерін көрсету.

9-11сынып

Мамыр


Сынып жетекшілер













Директордың 

 тәрбие ісі жөніңдегі орынбасарлары :                           Адижанов Қ.А 

АТА –АНАЛАР МІНДЕТІ

  • Білім заңының 49 –бабын негізге ала отырып, баланың оқу орындағы сабаққа қамтамасыз етуге, себепсіз сабақ қалдырмауына жауапты.
  • Мектеп тәртібіне сай баланы мектеп формасын сақтауына  ата – ана қамтамасыз етеді.
  • Мектеп ережесінде айтылған бағалы заттарды әкелуге тыйым салынады.Ұялы телефонды сабақ үстінде қолдануға тыйым салынады.
  • Білім беру заңының 6 тарау 48  бабына сүйене отырып, кешкі мезгілде сағат 10 00 – ден кейін ата – ананың қатысынсыз оқушыларға көшеде жүруіне тыйым салынады.
  • Ата-ана баласының сабағына қатысуы тиіс.
  • Оқушы сабақтан кешіккен жағдайда екі ескертуден кейін ата-анасы шақырылып, мектеп ережесіне бағынбағаны үшін шара қолданылады.
  • Жалпыға бірдей білім беру заңының орындалуы қатаң сақталады. Ата-ана баласын себепсіз сабақтан қалдырмауы тиіс.Сабақтан қалған жағдайда ата-ана тікелей баласының іс-әрекеті үшін жауап береді.
  • Ата-аналарға қойылған талапты орндауға және қабылданған қаулыны бұзбауға міндетті.
  • Баласы мектептің мүлкін бүлдірген жағдайда ата-ана баласының әрекеті үшін жауап береді.
  • Сынып жетекшімен үнемі байланыста болып, көмек көрсету, шақырған уақытында келу, қоғамдық жұмыстарға, оқу-тәрбие үрдісіндегі шараларға қатысуға тиіс.
  • Әр тоқсан сайын өткізілетін оқушының білім деңгейіне қатысты педагогикалық кеңесте қабылданған қаулыны ата-ана бұзбауы тиіс.



«Бекітемін»

Мектеп директоры:                    А.Б.Ақылбекова 



«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №23 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіндегі 

Ата аналар комитеті туралы ереже


1.Жалпы ереже

    1.1.Ұсынылған Ереже білім беру мекемесіндегі ата-аналар коитетінің өзін-өзі басқару қызметін реттейді.

   1.2.Ата-аналар комитеті білім мекемесіндегі оқушылардың білім алуы  мен тәрбиесін асыру мақсатында құрылады.
 1.3.Ата-аналар комитеті туралы Ереже мектептің жалпы ата-ана жиналысында қабылданады және білім беру мекемесінің бұйрығымен бекітіледі; аталған Ережеге өзгертулер мен толықтырулар белгіленген тәртіппен енгізіледі.
 1.4.Комитет жалпы ата-аналар жиналысына бағынады және есеп береді. Комитет өкілеттілігі 1 жылға белгіленеді. 
 1.5.Комитет құрамының санын білім беру мекемесі өзі анықтайды.
 1.6.Комитет өз жұмысын төмендегідей ұйымдастырады:
 -жұмыстың жеке бағытын жүзеге асыру мақсатымен құрылған тұрақты немесе уақытша комиссияның
 жұмыстарын ұйымдастыратын  төрағаны   бірінші отырыста сайлайды;
 -білім беру мекемесінің алдында қойылатын міндет пен құзіретті есепке ала отырып,оқу жылының жұмыс жоспарын жасайды;
 -өзінің құрамының жартысынан көбі қатысқан отырыста қарастырылатын сұрақ бойынша басым дауыспен шешім қабылдайды (отырыс хаттамаланады).
 1.7.Комитет шешімі білім беру процесіне қатысу үшін ұсыныс болып табылады.
 
1.8.Білім беру мекемесі бойынша шығарылатын бұйрықты жүзеге асыратын шешімдер ғана міндетті болып табылады.
 
 2. Комитеттің негізгі міндеттері
 
2.1.Білім беру мекемелерінің басшыларына:
 - жалпылай білім беру жүйесінің қалыптасуына,оқушылардың денсаулығын,өмірін сақтауға,жеке тұлғалық қасиеттің қалыптасуына және еркін дамуына жағдай жасау;
 - Оқушылардың заңды құқығы мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.
 2.2.Білім беру мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (заңды өкілдермен) олардың құқықтары мен міндеттері туралы,баланың отбасындағы жан-жақты дамуының мағынасын түсіндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
 2.3.Отбасы мен білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымы мен отбасының тәрбиелік ықпал етуін нығайту.
 2.4.Ата-аналар қоғамын білім беру мекемесінің өміріне,ата-аналар мен қоғам арасындағы педагогикалық насихаттарды белсене ұйымдастыруға қатыстыру.
 2.5.Білім беру мекемесінің басшыларына мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектеседі.
 
 3.Ата-аналар комитетінің қызметі 
 
3.1.Білім беру процесін ұйымдастырудағы оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
 3.2.Білім беру басшыларына  түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын өткізеді
 3.3.Мектеп ішіндегі  іс-шараларды өткізуге көмектеседі.
 3.4.Тәрбиеленушілердің ата-аналары мен /заңды өкілдер/олардың құқығы мен міндеттері бойынша  Білім беру мекемесінің басшылығымен бірге оқушылардың сапалы тамақтануы мен медициналық қызмет көрсетілуінің ұйымдастырылуын бақылайды.
 3.5.Білім беру мекемелерінің басшыларына жалпы ата-аналар жиналысын ұйымдастырып өткізуге көмектеседі.
 3.6.Комитеттің құзіреттілігіне енетін білім беру мекемесінің актісі бойынша сұрақтарын талқылайды.
 3.7.Білім беру процесін жүзеге асырудағы қауіпсіздік жағдайларын,санитарлық-гигеналық ережелер мен нормаларды орындауды ұйымдастыруға қатысады.
 3.8.Балалардың отбасындағы тәрбиесіне байланысты ата-аналар үшін жиналыс,баяндама,лекция,әңгіме сағаттарын ұйымдастырып өткізеді.
 3.9.Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымымен қарым-қатынас жасайды.

4.Ата-аналар комитетінің құқығы:

4.1.Басқаруды жетілдіру жөніндегі басшылық пен білім беру мекемелерінің өзін-өзі басқару органдарына ұсыныс енгізуге, олардың қаралуы жөніндегі қорытынды туралы ақпарат алады.
 4.2.Балаларды тәрбиелеу мәселелері жөніндегі мекемелер мен ұйымдарға түсіндірме алады.
 4.3.Білім беру үрдісінің қорытындылары туралы білім беру мекемелерінің басшылығынан, басқа басқару органдарынан ақпарат тыңдайды және алады.
 4.4.Тәрбиеленушілердің құқықтарын орнату бөлігіндегі білім беру мекемелерінің жергілікті актілерін талқылауға қатысады.
 4.5.Отбасында балаларын тәрбиелеуден ауытқыған ата-аналарға қоғамдық айыптау шығарады.
 4.6.Комитетте белсенді жұмыс атқарғаны үшін тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды өкілдерін) марапаттайды.
 4.7.Өз функцияларын өте жоғары деңгейде орындауы үшін Комитет мүшелерінің жетекшілігімен тұрақты немесе уақытша комиссиялар ұйымдастырады.
 4.8.Бекітілген құзіреті шеңберінде жергілікті актілерді әзірлейді және қабылдайды.
 4.9.Комитеттің төрағасы педагогикалық кеңестің, Жарғыны, тәртіпті, тәрбиеленушілердің құқықтарын сақтау мәселелері бойынша басқа да өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына (Комитетті бұдан әрі ақпараттандыру арқылы) қатысады.
 
 5.Ата-аналар комитетінің жауапкершілігі
 
Комитет жауапты:
 5.1.Жұмыс жоспарын орындауға.
 5.2.Шешімдерді орындайды, ұсыныстарды жүзеге асыруға.
 5.3.Білім беру мекемесінің басшылығы, педагогикалық қызметкерлер мен отбасылық және қоғамдық тәрбие мәселеріндегі оқушылардың ата-аналары арасында өзара түсіністік пен қарым-қатынасты орнатуға.
 5.4.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сапалы шешімдерді қабылдауға.
 5.5.Комитеттің жеке мүшелерінің немесе барлық Комитеттің әрекетсіздігіне.
 5.6.Комитеттің жұмысына ат салыспайтын оның мүшелері төрағаның ұсынымы бойынша сайлаушылармен (жалпы ата-аналар жиналысымен) орнынан алынады.

6.Ата-аналар комитетіндегі іс жүргізу жұмысы

6.1.Комитет өз отырыстары мен жалпы ата-аналар жиналысының хаттамаларын Білім беру мекемелерінде іс жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.

6.2.Жоспарлар, жасалынған жұмыс туралы есептер, отырыстардың хаттамалары білім беру мекемелерінің кеңсесінде сақталады. Сақталу мерзімі үш жылдан кем емес.

6.3.Комитеттің іс жүргізу жұмысы төрағаға немесе сайланған хатшыға жүктеледі.




Бекітемін:

Мектеп директоры

А.Б.Акылбекова


«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №23 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіндегі ата аналармен бірлесе жасалатын  жұмыс жоспары 2021-2022 оқу жылы


Іс шара

 мерзімі

 жауапты

1

1. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар комитетінің  төрайымын сайлау,сыныптардағы ата-ана комитетінің мүшесімен танысу, бекіту.

2.2020-2021 оқу жылындағы  оқу тәрбие жұмыстарының жетістігі.

3.«Рухани жаңғыру ел болашағы» ҚР президенті бастаған  Рухани жаңғыру жобасын талдау / Баяндама/

4.Жаңартылған білім бойынша жүргізілетін жүмыс және 5 күндік оқуға көшу туралы 

5.«Мектепке жол» акциясы есебі.

6.2021-2022 оқу жылындағы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету. 7.Балаларды тасымалданып оқыту туралы 

8.Әр түрлі мәселе 

20.09.2021

Акылбекова А.Б


Садыкова Ж.С


Адижанов Қ.А


Адижанов Қ.А.



Нурдинова Н.


Алдибекова Ж



Аблайкамова Э.С.

2

1. «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі және мектеппен байланысы» баяндама

2.І тоқсан қорытындысы

3. «Дарын» , «Олимпиада», МАН –ға  оқушыларды даярлаудың ерекшелігі

3.Ата аналарға психологиялық көмек, трениг «Мен және отбасым»

4. Оқушыларға шырша мерекесін ұйымдастыру және қысқы демалыстарын ұйымдастыру туралы

4.Әр түрлі мәселе

15.11.2021

Аязбаева М


Садыкова Ж.С

Тургамбаева А.А


Аязбаева М


Адижанов Қ.А



Мектеп директоры

3

1.«Денсаулық зор байлық» баяндама мектеп медбикесі

2.ІІ тоқсан қорытындысы

3.  3. «Кәмілетке  жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» баяндама мектеп  инспекторы 

4. Аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамақпен қамтылуы туралы

5. «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» психологиялық -тренниг

6.Әр түрлі


11.01.2022

Сандыбаева Ұ


Садыкова Ж.С

 Мектеп  инспекторы


Алдибекова Ж


Мектеп психолгтары 



4

1.ІІІ тоқсан қорытындысы, 

2. «Елжанды -2022» айлығы кезіндегі  балалардың жол да жүру қауіпсіздігі туралы

3. Мемлекеттік емтихан, ҰБТ –ға дайындық.

 4Әр түрлі мәселе




Сәуір 

Садыкова Ж.С


Тургамбаева А.А



5

1.2021-2012 оқу тәрбие жұмысына жетістігі.

2.Психологиялық тренинг

3.Балалардың жазғы     лагерін ұйымдастыру

4.Әр түрлі 

мамыр

Садыкова Ж.С

Аязбаева М

Байсұлтанова Д

Мектеп директоры



ДТІЖО:                 Адижанов Қ.А

«Бекітемін»

  Мектеп директоры:                         А.Б.Ақылбекова                     


№23 орта мектебі ата-аналар қоғамдық кеңесінің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспары



Шаралар



Мақсаты


Мерзімі


Жауапты

1

Мектепішілік ата-аналар қоғамдық кеңесінің отырысын өткізу

Жүргізілетін жұмыстарды жүйелеп отыру

Жылына екі рет

Қ.Адижанов

2

Сыныптағы ата-аналар жиналыстарын өткізу

Жиналыс өткізу


Тоқсанына бір рет

Сынып жетекшілер

3

Мектептің қоғамдық ата-аналар кеңесін құру

Кеңестің жаңа мүшелерін сайлау

Қыркүйек

Қ.А.Адижанов

Ж.М. Алдибекова

4

Мектепішілік ата-аналар комитетінің жылдық жоспарын жасау

Жүйелі жұмыс жүргізу

Қыркүйек

Қ.А.Адижанов

Ж.М. Алдибекова

А.А. Акпаралиевна

5

«Мектепке жол» акциясын өткізіп, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасы оқушыларына ата-аналар тарапынан көмек ұйымдастыру

Акция барысында аз қамтылған отбасы балаларына көмек ұйымдастыру

Қыркүйек

Ж.М. Алдибекова


6

Сыныптардағы ата-аналар жиналыстарына, ашық сабақтарға ашық шараларға қатынасу

Оқушылардың білім алу, тәрбие процестеріне ата-аналарды қатынастыру

Мезгілінде

Қ.А.Адижанов

Ж.М. Алдибекова

Мектеп әкімшілігі

7

«Біз қандай ата-анамыз?» сауалнама өткізіп, талдау жасау

Ата-ана мен оқушы арасындағы байланысты нығайту

Жылына екі рет

Қ.А Адижанов

Мектеп психологтары

8

«Тәрбие отбасынан басталады» баяндама

Ата-анамен жұмыс

Қараша

Қ.А. Адижанов

Сынып жетекшілер

9

«Бала әр ата-ананың болашағы» тақырыбында  ата-аналар Қоғамдық кеңесінің семинары

Семинардың жұмысына қатынасу

Қаңтар

Қ.А.Адижанов

Сынып жетекшілер

Психолог

10

«Менің отбасым» жанұялық жарыс

Отбасындағы қарым-қатынасты нығайту

Ақпан

Ж.М.Алдибекова

11

Мектеп медбикесімен байланыс жасап, оқушылардың денсаулығының тексерілуін қадағалап отыру

Оқушылардың денсаулығының тексерілуін қадағалап отыру

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

 Сандыбаева У.У

12

«Жыл ата-анасы» байқауы


Сәуір

Қ.А.Адижанов

Тәлімгер


13


Оқушылардың ғылыми жұмыстармен шұғылдануына араласу


Оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына ықпал жасау


Уақытында


А.А.Тургамбаева

14

Ата-аналар жиналысында діни және құқықтық тақырыпқа баяндама өткізу

Ата-аналардың діни және құқықтық сауатытылығын арттыру мақсаты көзделеді

Уақытында

Сынып жетекшілер

15

4-9 сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындығын, өткізілуін қадағалап, ата-аналар жиналыстарын өткізу

ОЖСБ-ны тапсыруда оқушылардың жауапкершілігін арттыру

Мезгілінде

Сынып жетекшілер

16

«Қадағалау», Құқық бұзушылық, нашақорлыққа қарсы күрес бағытында бірлескен рейдке шығу


Наурыз

Сәуір

Қ.А.Адижанов

Ж.М. Алдибекова

Мектеп әкімшілігі

17

Ата-ана  және оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу

Ата-ана және оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу

Жыл бойына

Қ.А.Адижанов

18

Ата-аналар жиналыстарына құқық қорғау органдары қызметкерлерін қатыстыру

Жүйелі жұмыс жүргізу

Уақытында

Қ.А.Адижанов

19

Мектепішілік дәстүрлі шараларға ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшелерін қатыстыру


Уақытында

Сынып жетекшілер

20

Мектепішілік ата-аналар кеңесінің алдында мектеп басшыларының есеп беруі

Мектептегі жүргізіліп жатырған оқу-тәрбие процесімен таныстырып отыру

Қаңтар

Мамыр

Мектеп әкімшілігі

21

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру


Уақытында

Қ.А.Адижанов

22

Қорытындылау



Оқу жылы аяғында

Қ.А.Адижанов





Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                           Қ.А Адижанов




№23 орта мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылының І оқу тоқсаны бойынша ата-аналар кеңесінің атқарған жұмыстары туралы мәлімет

№23 орта мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылында,оқушылардың білім алуы мен тәрбиесін асыру, мектепте ата-аналармен байланысты нығайту мақсатында ата-аналар кеңесі құрылды. Әр сынып бойынша ата-аналар жиналысы өткізіліп, сыныптар бойынша ата-аналар кеңесінің құрамы сайланды. Қазан айының 30 күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жалпы ата-аналар жиналысында ата-аналардың ұсынысымен мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрайымы болып Орынбетова Айгүл сайланды. Ата-аналар кеңесінің ережесі жасалып, жалпы ата-аналар жиналысында ереже бекітілді. Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Адижанов «Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы - серітестер» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында ата-аналарға сұрақ қойылып, тренингтер ойнатылды. Сонымен қатар ата-аналарға түрлі жағдаяттар беріліп, жағдаятқа байланысты пікір таластар болды.

  Мектепте алдағы уақытта ата-аналармен жұмыс жүргізіліп, нәтижесі талқыланады деп күтілуде.





ДТІЖО:                   Адижанов Қ.А



№ 23 орта мектебі  бойынша жалпы ата – аналар жиналысының 

Хаттама №1 

29.09.2021ж.

Ата-аналар жиналысы

Қатысқандар: Мектеп оқушыларының ата-аналары, мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілер, мектеп психологы , әлеуметтік педагог , қосымша білім беру маманы, тәлімгер

Ата-аналар: 286

Өтізілу уақытты: 17:00

Өткізу форматы: Қашықтықтан ата-аналарға сілтеме алдын ала жіберу

Идентификатор конференция: 6125062909

Код доступа: 23 mekep

Күн тәртібінде 

  1. Өткен оқу жылының қорытындысы
  2. Ата – аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау
  3. Оқушылардың оқулықпен қамтылу мәселесі
  4. Алдағы оқу жылында оқушылардан алынатын психологиялық сауалнамалар туралы хабарлама

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Ақылбекова шығып, өткен 2020-2021  оқу жылы бойынша атқарылған  жұмыстарға қорытынды жасады. Одан соң 2021 – 2022 оқу жылында атқарылуға тиісті жұмыстарға тоқталып, алға қойған мақсат міндеттерге,  мазмұны мен ережелері атап кетті.

Екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Адижанов хабарлама жасады. Ата – аналар комитеті мүшелерінің алдаға уақытта атқарар ауқымды істері жөнінде кеңінен мағлұмат берді.

Үшінші мәселе бойынша мектеп  кітапханашысы Шамилова Оралхан хабарлама жасады. Биылғы оқу жылындағы оқулықтар саны, оқулықпен қамтылу , өткен оқу жылымен салыстырмалы түрде мәліметтермен таныстырды.

Төртінші мәселе бойынша мектеп   психологы А.Аязбаева алдаға оқу жылында оқушылардан алынатын сауалнамалар туралы кеңінен ақпарат берді. Ол сауалнамаларды алу үшін алдымен ата – аналардың «баламды жыл көлемінде психологиялық зерттеуден өткізуге , сауалнамалар алынуға қарсы емеспін» - деген мазмұндағы рұқсат қағаздың қажеттілігін айтты. Жыл көлемінде алынатын сауалнамалар тізбесімен ата- аналарды таныстырды.

Қаулы : 

1.Ата – аналар комитетінің жұмысы жандандырылсын.

2. Оқушылардың сабаққа қатысымы, тәртібі, тазалығына үйден бақылау жасау ата – аналарға міндеттелсін.

3. Оқушылар бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балаларды үйірмелерге қатыстыру

4. Басшылықпен бақылау мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.А.Адижановқа  жүктелсін.



Мектеп директоры:           А.Б.Ақылбекова

ДТІЖО:              Адижанов Қ.А

























№ 23 орта мектебі  бойынша жалпы ата – аналар жиналысының 

Хаттама №2

Ата-аналар: 342

Өтізілу уақытты: 17:00

Өткізу форматы: Қашықтықтан ата-аналарға сілтеме алдын ала жіберу

Идентификатор конференция: 9092605216     

Код доступа: 23 mekep


30.11.2021ж.

Ата-аналар жиналысы

Қатысқандар: Мектеп оқушыларының ата-аналары , мектеп директоры , мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілер , мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру маманы, тәлімгер.

Күн тәртібінде 

  1. І– оқу тоқсанының қорытындысы
  2. «Covid -19 таралу жолдары» баяндама
  3. Әр түрлі мәселері

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сарсенбаева хабарлама жасады. І оқу тоқсанының аяқталғандығын, оқушылардың оқу үлгірімдері 100%, сапасы 64,1% екндігін

  1.   слайдпен көрсетті. Сынып жетекшілерге оқушылардың табельдеріне ата-ана аналарға қол қойдыру тапсырылды.
  2. Оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз немесе өмірлеріне қауіп  тудыратын жағдайларды болдырмау. Зорлық-зомбылықсыз балалық шақты    өткізу ең басты мәселе. Ата-аналарға   ақыл-кеңестер бере отырып, «Қатыгездіксіз балалық шақ» ток-шоуының өз мәнінде өтілгендігіне , мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Абибуллаева «Қауіпсіз өмір сүру - әр адамның   құқығы»  атты ата-аналарға арналған  хабарламасы  өз мәнінде өткендігіне, балаға зорлық көрсету – қылмыстың бір түріне жатады. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын ақпарат құралдарында айтылып жатқандығына  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   Қ.Адижанов  хабарлама жасады.


Қаулы:

  1. Оқушылардың сабақ үлгірімдеріне сынып жетекшілер және ата-аналар тарапына қатаң бақылау жасалынсын;
  2. Оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз немесе өмірлеріне қауіп   тудыратын жағдайларды болдырмауға қарсы жұмыстар одан әрі жүргізілсін;
  3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Адижанов хабарламасы, ата-аналарға арналған жадынамасы қаперге алынсын;






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив