Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы » «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 23 С ДОШКОЛЬНЫМ МИНИ-ЦЕНТРОМ»
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№23 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2021

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Тамақтану біз ойлайтындай күнделікті, майда-шүйде мәселе емес. Ол – тіршіліктің негізі болып саналатын ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруіне, ағзаның ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Халқымыздың әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық – денсаулық деп санаған. Дені сау еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабаққа үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның аналасындағы орта зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сондықтан, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Мектеп асханасында азық – түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата – аналар комитеті өкілдерінің , мектеп әкімшілігінің , медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады, бес адамнан тұрады. Тамақтану үшін сабақ арасындағы он бес минуттық үзілістер ұйымдастырылған. Әр жарты жылдықта «Ата – ана үнін тыңдау» күні ұйымдастырылады. Жабық түрде сынып буындары бойынша ата – аналардан сауалнамалар алынып тұрады. Ондағы мақсатымыз, беріліп жатқан тамақтың сапасын анықтау. Сондай – ақ жұмыстың осал тұстарын анықтап, түзету.
Ата – ана, оқушы үнін тыңдау арқылы салауатты ұрпақ тәрбиелеуге, табысты мектепке қол жеткізуге болатының көруге болады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив