29
April
2024
Мұхтар Шахановпен кездесу
15-наурыз күні Талғар ауданы Төңкеріс ауылы ЖББ №23 орта мектебінде қазақ ақыны, драматург, Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Шахановпен «Өлеңім-өмірімнің айнасы!» атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті. Поэзия кешінің мақсаты-оқушыларды ақындардың шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Кездесуде мектебіміздің оқушылары ақын поэзиясынан үзінділер оқып, әндерін айтты. Мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері «Шашу» биін билеп, домбырашы оқушыларымыз күйлерін орындады..Мектеп кітапханашысы Бегдаирова А. Ж. ақын шығармаларынан көрме ұйымдастырып, «М. Шахановқа арнау» деп аталатын жас ақындардың өлеңдерімен таныстырды. Кештің бас кейіпкері-Мұхтар Шаханов өзінің жаңа туындыларын оқып, жүректерге поэзия нұрын құйды.