Regulations
«Қазақстан Республикасындағы
бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 500 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 78 (28017) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7) қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Scienceнің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Scienceнің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3-сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы «15»шілдедегі
№ 453бұйрығына1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 500 бұйрығына 3-3)-қосымша
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің
үлгілік оқу жоспары
№ |
Білім салалары және оқу пәндері |
Сыныптар бойынша апталық сағат саны |
Жалпы жүктеме, сағат |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
апталық |
жылдық |
||
Инварианттық компонент |
|||||||
I |
Тіл және әдебиет |
10 |
11 |
11 |
11 |
43 |
1452 |
1 |
Сауат ашу |
6 |
- |
- |
- |
6 |
198 |
2 |
Қазақ тілі |
- |
4 |
4 |
4 |
12 |
408 |
3 |
Әдебиеттік оқу |
- |
3 |
3 |
3 |
9 |
306 |
4 |
Орыс тілі (Я2) |
2 |
2 |
2 |
2 |
8 |
270 |
5 |
Ағылшын тілі |
2 |
2 |
2 |
2 |
8 |
Похожие публикации:06 февраль 2018 Regulations 06 февраль 2018 Regulations 06 февраль 2018 ата-аналарға 05 февраль 2018 Our address 01 September 2017 Алғашқы қоңырау
|